«Қазцинк-Торпедо» хоккейшілері көкпар тартты

Өскемендік хоккейшілер көкпар тартып, қазақтың ұлттық ойынын меңгеру үшін атқа қонды, деп мәлімдейді 24.kz сайты.

Олар жаңа маусым алдында спорттың осы түрін үйренуді жөн санапты. Мақсаттары – өзгелерге үлгі бола отырып, бұқараны спортпен шұғылдануға шақыру.

Айта кету керек, көкпар ойыны жыл санап дамып келеді. Оған деген сұраныста артуда. Мұнда бір ғана атқа міне білу жеткіліксіз. Ептілік пен мықты дене дайындығы қажет. Сондықтан «Қазцинк-Торпедо» хоккей командасының спортшылары шеберліктерін ат үстінде сынап көрді. Жігіттердің тақымы мықты болмаса да, көкпаршыларға барынша ұқсап бақты.

«Бұл ойында да шабуылшылар бар. Көкпар тақымдаған ойыншыны қорғап, тосқауыл жасайтындары да болады. Өте қызықты әрі тартысты ойын. Үйренбегендіктен болар, алғашында қиындау болды» - деді «Қазцинк-Торпедо» хоккейшісі Досжан Исеркенов

«Жасыратыны жоқ. Өте қиын әрі ауыр ойын. Мықты дене дайындығы керек. Көкпар тартып, шабандоз атану да оңай шаруа емес екендігін аңғардым» - деді «Қазцинк-Торпедо» хоккейшісі Вадим Рифель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или