Набоков «Тампаның» намысын қорғайды
<p>
<strong>Өскемендік хоккейдің түлегі қақпашы Евгений Нобоков «Тампа-Бэй Лайтингтің» сапына ауысты. </strong></p>
<p>
Флоридалық клуб пен 38 жастағы қақпашы арасындағы келісім бір жылға жасалған. Естеріңізге сала кетсек, 2013/2014 жылы Набоков «Нью-Йорк Айландерс» сапында 40 матчқа қатысып, орта есеппен әр ойында 2, 74 шайба жіберген. Сонымен қатар, өз қақпасына бағытталған соққының 90,5 %-ын кері қайтарды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или