«Барыс» құрамы жаңа хоккейшімен толықты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Шабуылшы Константин Савенков «Барыс» клубына ауысты. Ол екі жыл бұрын елордалық команданың құрамында ойнаған еді. Мұзайдынға тек үш рет шығып, бір нәтижелі пас берген.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
24 жастағы хоккейші өткен маусымда «Қазцинк-Торпедо» клубында 52 матч өткізіп, 29 (11+18) ұпай жинады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, Константин Савенков Хельсинким мен Будапештте өткен Әлем чемпионатында, сонымен қатар Ригада өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде Ұлттық құраманың намысын қорғады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или