«Лос-Анджелес» «Чикагоға» қарсы серияда таразы басын тең қылды

«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли Кубогының қазіргі иегері «Чикаго Блэкхоукске» қарсы Батыс конференциясының финалында есепті теңестірді.

Чикагодо өткен екінші кездесуде айдын иелері Ник Ледди мен Бен Смиттің арқасында 2:0 есебімен алға шықты, бірақ «патшалар» үзілітен кейін есеп айырмасын қысқартып қоймай, үшінші жиырмаминуттықта жауапсыз бес шайба салып, 6:2 есебімен чикаголықтарды тас-талқан етті. Бұл ойында Джефф Картер хет-трик жасады.

«Чикаго Блэкхоукс» – «Лос-Анджелес Кингз» 2:6 (1:0, 1:1, 0:5)

1:0 – Ледди (Кит) – 14:16, басымдықта

2:0 – Смит (Боллиг, Одуйя) – 21:40

2:1 – Уильямс (Ричардс, Кинг) – 38:14

2:2 – Картер (Даути, Войнов) – 41:37, басымдықта

2:3 – Маззин (Мартинес, Габорик) – 44:04, басымдықта

2:4 – Тоффоли (Пирсон, Картер) – 48:59

2:5 – Картер (Пирсон, Грин) – 54:44

2:6 – Картер – 56:29, ПВ

Қақпашылар: Кроуфорд – Куик

Серия есебі: 1:1

Видео YouTube-тегі ҰХЛ-ның ресми сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или