ҚР Президенті «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады
<p>
<strong>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Братина Кубогы» Жоғары хоккей лигасының чемпионы атанған «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.</strong></p>
<p>
Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.</p>
<p>
Қазақстан Президенті клуб ұжымына зор денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или