«Сарыарқа» Братина Кубогын жеңіп алды

Қарағандылық «Сарыарқа» екінші мүмкіндігінен кейін Жоғары хоккей лигасының Братина Кубогын жеңіп алды.

Тюмендік «Рубинге» қарсы финал сериясының алтыншы матчында есеп үшінші минутта ашылды – көзге түскен Сергей Елизаров. Алайда периодтың ортасына таман тюмендіктер Александр Незнамовтың көмегімен таразы басын тең қылды.

Екінші жиырма минуттықта қос команданың қарымы бірдей болды, десек те, көрермендер бір ғана салынған шайбаны көрді. Период аяқталар тұста Сергея Елизаров, Кирилл Лебедев және Владислав Лучкин триосының жасаған шабуылынан кейін соңғысы дәлдік танытып, қарағандылықтар екінші рет есепте алға шықты.

Үшінші период бойы «Рубин» ойыншылары есепті теңестіру үшін барын салды, алайда айдын иелерінің қорғанысы «мыңқ» етпеді. Соңғы ысқырықтан кейін қарағандылықтар төртінші жеңісіне қол жеткізді, ал бұл, «Сарыарқаның» тарихында алғаш рет Братина Кубогын ұтып алғанын білдіреді.

«PROСПОРТ Қазақстан» ұжымы «Сарыарқаның» ойыншыларын, бапкерлерін, басшылығын, қызметкерлерін және жанкүйерлерін құттықтап, алдағы сайыстарға сәттілік тілейді!

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Рубин» (Тюмень) 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)

1:0 – Елизаров (Ааб) – 02:22

1:1 – Незнамов – 12:36

2:1 – Лучкин (Елизаров, Лебедев) – 39:43

Қақпашылар: Горячевских – Франскевич

Серия есебі: 4:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или