«Сарыарқа» Братина кубогының финалына шықты

Жоғары хоккей лигасының жартылай финалында қарағандылық «Сарыарқа» нефтекамсктің «Торос» командасын ұтып, ақтық кездесуге жолдама алды.

Есепті екінші периодтың сегізінші минутында қарағандылық Дмитрий Громов ашты. Артынша, кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда әріптесі Константин Макаров есепті еселеді – 2:0. Ойын соңына дейін есеп өзгермеді. Осылайша, «кеншілер» сериядағы есепте төртінші жеңісіне қол жеткізіп ЖХЛ плей-офф кезеңнің финалына шықты.

«Сарыарка» (Қарағанды) – «Торос» (Нефтекамск) 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – Громов (Махо) – 28:03

2:0 – Макаров (Кузьмин) – 58:15

Қақпашылар: Горячевских – Хакимов

Сериядағы есеп: 4:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или