«Найман» митингілер жайлы: Үкіметтің оянуы қажет
Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов елімізде болған жаппай митингілерге қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Мен алаңға шығып, өз халқыма қарсы күреспеймін. Полиция, әскер – олармен күресетіндей бізге жау емес. Олар өз отбасын асырағысы келіп жүрген біз секілді адамдар. Бірақ мен халықты тонналап жабуына қарсымын. Егер халықтың айтары бар болса, оларға бейбіт митинг өткізетін жер беру керек! Президентке өз қолына алып, Мәскеу мэрі жасап жатқан жұмысты атқаруы керек. Біз екі есе азбыз! Елімізде байлық көп, егер сол ақшалар біреудің қалталарына кетпегенде, патша сияқты өмір сүрер едік. Егер оны істей алмасаңдар, әр тұрғынға жұмыс беріп, бағаларды қол жетімді етіңдер! Үкіметтің оянуы қажет!», - деп жазды спортшы өзінің Инстаграм парақшасында.
Айта кетейік, елімізде 9-12 маусым арасында Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингілер өтіп, мыңнан аса адам қамалған болатын.