«Номадтың» жаңа маусымға жоспары жарияланды
Елордалық «Номад» Жоғарғы хоккей лигасының 2019/2020 жылғы маусымына арналған дайындық жоспарын жариялады.
Команда шілденің басында жиналады. 2-3 шілде күндері ойыншылар медициналық тексеруден өтеді. Келесі күні жаттықтырушылар спортшылардың дайындығын айқындап беретін сынақтар өткізеді.
Шілденің 6-сы мен 14-і аралығында Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Ал 15-16 шілдеде жолдастық кездесулер жоспарланған (қарсыластар алда белгілі болады).
22 шілдеде «Номад» (Нұр-Сұлтан) сырт алаңында «Сарыарқа» (Қарағанды) командасымен жолдасытқ матч өткіздеі.
Тамыздың 11-14 күндері Орск қаласында Орынбор облысы губернаторының Кубогы жарысына қатысу жоспарланып отыр.
Одан кейін команда Нұр-Сұлтан қаласында тамыздың 25-не дейін дайындығын пысықтайды.
Тамыздың 27-29 күндері «Номад» Түмен обысының құрылу күніне арналған дәстүрлі турнирге қатысады. Тамыздың 31-де соңғы оқу-жаттығу жиыны басталады.