«Барыс» канадалық қақпашымен толықты

«Барыс» канадалық қақпашымен толықты

«Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Эдди Паскуалемен құрамын толықтырғанын ресми мәлімдеді. Хоккейші 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісім-шартқа отырды.

Эдди Паскуале Торонто қаласының тумасы. Соңғы бір жарым жыл Ұлттық хоккей лигасының командасы саналатын «Тампа Бей Латнинг» (Tampa Bay Lightning) клубының жүйесіне кіретін «Сиракьюз Кранч»(Siracuse Crunch) фарм-командасында өнер көрсетті.

Ұлттық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын өткен жылдың желтоқсанында «Детройтқа» қарсы өткізген. Сол ойында «Тампа» буллитер сериясында 6:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Эдди Паскуале (Eddie «Edward» Pasquale)

Позициясы: қақпашы

Туған жылы және жері: 20.11.1990, Торонто, Онтарио, Канада.

Алғашқы командасы: «Беллевиль Буллс» (Belleville Bulls, OHL)

Бойы және салмағы: 191 см, 101 кг.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или