Головкин: Қолдау білдіргендеріңіз үшін рақмет!
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Нью-Йоркте өткен бокс кешінен кейін жалпы жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп жазады Рrosports.kz.
Шын көңілімен қолдаған көп жанкүйеріне деген рақметін даңқты боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Бәріңізге рақмет! Арнайы Нью Йоркке келіп, аренада қолдау білдірген жанкүйерлеріме және әр үйде теледидарға телміріп, тілеуімді тілген жандарға айтар алғысым шексіз. Бәріңізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет айтамын!», - деп жазды GGG.

Айта кетейік, Головкиін 9 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық боксшы Стив Роллсті төртінші раундта нокатуқа түсіріп, мансабындағы 39-шы жеңісініне қол жеткізген болатын.

Головкин: Әли Ахмедовтың болашағы жарқын