«Астана арландарының» бұрынғы боксшысы: Қазақстан жемқорлыққа жақын

«Астана арландарының» бұрынғы боксшысы: Қазақстан жемқорлыққа жақын

«Астана арландары» бокс клубында бақ сынаған хорватиялық спортшы Филип Хргович (8-0, 6 КО) Index басылымына берген сұқбатында Қазақстанда темірторға қамалғаны туралы айтып берді.

- Алғаш алған сыйақымды үйге алып бара жатқанмын. Алайда шекарада мені ұстап қалды. Өйткен заң бойынша 10 мың доллар астам ақшаны қолма қол өткізу үшін алдын ала ескерту қажет екен. Теміртордың артында бір ай жаттым. Алайда клубтың президенті беделді саясаткер болғандықтан мені босатып алды. Қалай екенін білмеймін, бірақ бұл мемлекет жемқорлыққа жақын болатын, - деді Хргович Index басылымына берген сұқбатында.

Айта кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегіз маусымына қатысып, барлығында жүлделі орыннан көрінген «Astana Arlans» командасы таратылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или