«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегіз маусымына қатысып, барлығында жүлделі орыннан көрінген «Astana Arlans» командасы таратылады, деп жазады prosports.kz сайты.

Айта кетейік, «Астана арландары» бұл турнирдің әр маусымынан жүлдесіз қалған жоқ. Үш мәрте алтын, екі кезек күміс, үш рет қола медаль жеңіп алды.

Ал енді осы жобаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылданған көрінеді. команданың өмір сүруін тоқтататыны жайлы Қазақстан бокс федерациясының соңғы мәжілісінде ұйымның вице-президенті Данияр Әбілғазин мәлімдеді.

- «Astana Arlans» бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, - деді Данияр Әбілғазин.

Бұндай шешімнің қабылдануына команданың осы маусымдағы сәтсіздігі себеп болған секілді. Естеріңізде болса, «Astana Arlans» Қытайда өткен WSB сериясының финалында «Cuba Domadores» командасына есе жіберіп, күміс медаль алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или