Британиялық басылым: Головкин Роллсты бапкерсіз-ақ жеңе алады

Британиялық басылым: Головкин Роллсты бапкерсіз-ақ жеңе алады

Британиялық WorldBoxingNews.net сайты 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) — Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегіне болжам жасады.

«Нақтысы - Головкиннің жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары. Ол жоғар деңгейлі жаңа жаттықтырушымен жұмысын бастап кетті. Оның үстіне GGG Абель Санчеспен қоштасқаннан соң бір серпіліп алды. Жекпе-жекке 100% дайын бола ма? Бұл маңызды емес. Головкин Роллсты жаттықтырушысыз-ақ жеңетін еді, мүмкін.

Роллс бұл жекпе-жек дайындық емес екенін айтты. Бірақ шындыққа тура қарайық, Головкин оның күл-талқанын шығарып, төрешілердің шешімімен жеңеді, болмаса оны сұлатып түсіреді», — деп жазды батыс басылымы.

Айта кетейік, бұл кеште Геннадий Головкиннен бөлек қазақстандық боксшылар Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) пен Бақтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или