Бокс

Головкиннің андеркартында жұдырықтасатын Ахмедовтің қарсыласы өзгерді

Головкиннің андеркартында жұдырықтасатын Ахмедовтің қарсыласы өзгерді
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (14-0, 10 КО) қарсыласы ауысты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы 8 маусым күні Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) — Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. Әли Ахмедов қарсыласы америкалық Абрахам Хан (26-1-4, 16 КО) қолғап түйістіруден бас тартқан көрінеді, оның орнына отандасымыз 35 жастағы америкалық боксшы Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Әли Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының өкілі.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер