Қазақстан құрамасы қай қалада өнер көрсетеді
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатының элиталы дивизионында бақ сынайды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz сайты.
<span>Әлем чемпионаты 2020 жылдың 8-24 мамыр күндері Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өткізіледі.</span>
Қазақстан В тобында сынға түседі. Біздің құраманың қарсыластары – Ресей, Финляндия, АҚШ, Швейцария, Латвия, Норвегия, Италия. В тобындағы командалардың матчы Цюрих қаласында өтеді.
Ал А тобында Канада, Швеция, Чехия, Германия, Словакия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания құрамалары өнер көрсетеді. Бұл топтың ойындары Лозанна қаласында өтпек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или