«Барыстың» бапкері мен қақпашысы жыл үздігі атанудан үмітті
Құрлықтық хоккей лигасы 2018/2019 жылғы маусымдағы үздік қақпашы және үздік бапкер атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік бапкер атанудан «Барыс» бапкері Андрей Скабелкадан бөлек, Андрей Мартемьянов («Автомобилист»), Игорь Никитин (ЦСКА), Боб Хартли («Авангард»), Дэвид Немировски («Торпедо» НН) және Николай Цулыгин («Салават Юлаев») үмітті.
Ал үздік қақпашы атанымы бойынша үміткерлер:
Хенрик Карлссон «Барыс», Василий Демченко («Трактор»), Якуб Коварж («Автомобилист»), Игорь Шестеркин (СКА), Юха Метсола («Салават Юлаев») және Илья Сорокин (ЦСКА).
Жеңімпаздар 28 мамырда «Барвиха Luxury Village» концерт залында өтетін маусымның жабылу салтанатында анықталады.
Главные конструкторы и творцы успехов команд. #KHLAwards pic.twitter.com/27i8K8HRb8
— КХЛ (@khl) 2019年5月28日
В этом сезоне выбор особенно сложен.#KHLAwards pic.twitter.com/Cs5T6qDrBG
— КХЛ (@khl) 2019年5月28日