Элиталы дивизионға өткен ұлттық құрамамыз рейтингіде төмендеді
Халықаралық мұзайдындағы хоккей федерациясы (IIHF) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Рейтинг Словакияда өткен әлем чемпионатының қортындысы бойынша жаңартылды. Финалда Канаданы ұтқан Финляндия әлем чепмиона атанса, қоланы Ресей құрамасы иемденді.</span>
<span>IIHF рейтингінде Канада құрамасы көш бастап тұр. Ресей құрамасы бір саты көтеріліп, екінші орынға жайғасқан. Ал үздік үштікті Швеция түйіндеді.</span>
<span>Ал бірінші дивизион құрамалары арасында өткен әлем чемпионатында екінші орынмен элиталы дивизионға жолдама алған Қазақстан құрамасы жақсы нәтижесіне қарамастан бір саты төмендеп, 19-ші орынға түсіп қалды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или