Бокс

Головкиннің бапкері: Сылбыр қимылды су қаным сүймейді

Головкиннің бапкері: Сылбыр қимылды су қаным сүймейді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкс Сауль«Канело» Альвареске қарсы өткізген қос кездесудегі шәкіртінің боксын жіті зерттегенін жеткізді.

- Головкиннің рингте сандалып көп жүргеніне бәрі куә болды. Керек кезде белсенділік таныта алмады. Мен бұл жігіттен үлкен талант көремін, бірақ агрессивті бокс көрсетіп, соққыларды жиі жұмсау керек деп ойлаймын. Бір қаруға ғана негізі артып, кездесудің көп бөлігінде сылбыр қимылдайтын боксшыны су қаным сүймейді - деп мәлімдеді Джонатан Бэнкс Nypost.com порталына берген сұқбатында.

Есте сала кетсек, Головкиннің келесі қарсыласы канадалық Стив Роллс. Қос боксшының жекпе-жегі 9 маусымда Нью-Йорк қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер