Жеңіл атлетика

Алматы облысында ультраэкомарафон өтті

Алматы облысында ультраэкомарафон өтті
news-banner7
mobile-news-top

21-22 мамыр аралығында халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай Алматы облысында экомарафон өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Экомарафонның негізгі мақсаты - биологиялық саналуандылықты, бірегей табиғит ескерткіштерін, сексеуіл мен тораңғыны, ілбісті сақтау мәселеріне жұртшылықтың назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттау.

«Алтын емел» ұлттық саябағындағы «Сайрауық барқан» табиғи ескерткішінен басталып, Шарын шатқалына дейін жалғасқан марафонның ұзақтығы 250 шақырымды құрады.

Бірегей марафон Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті «Marat#ON» жүгіру клубының және Snow Leopard Foundation халықаралық қорының ұйымдастырылуымен өтіп отыр.

«Marat#ON» жүгіру клубының негізін салушы, халықаралық саннаттағы спорт шебері, Гиннесс рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы Марат Жыланбаев бастаған марафонға барлығы 20 адам қатысты.

«Менің мыңдаған шәкірттерім бар. Марафонға қатысуға табиғатқа жаны ашитын, белсенділерін таңдап алдым. Шақырылған қонақтар да бар. Бұл жерде қанша км жүгіретінін әркім өзі біледі. 250 км болса, 250 км. 30 км жүгіргісі келсе, 30 км. Қоқыс салатын арнайы қаптарды алдық. Жүгіріп қана қоймай, жол бойы қалдықтарды жинап жүреміз. Барлық табиғатта демалатын адамдарға айтарым - өздеріңнен кейін қоқыс-қалдықты жинап жүріңізер!»

Марафонға қатысушылардың ішінде ең егде спортшысы Талап Байзақ. Жасы - 59-да. Ол алдыңғы жылғы экомарафонға қатысып, 200 км-жүгіріп өткен.

«Мектеп кезінен жүгіремін. Ол кезде мұндай шаралар атымен болмаған. Марафонға қатысқаныма он бес жылдай уақыт болды. Almaty Marathon, BI Marathon-да үнемі жүгіремін»

Бұл марафонның басты міндеттерінің бірі – ілбістің жоғалып бара жатқанына жұртшылық назарын аударту. Ілбіс Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізіміне және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия, Ресей сынды елдердің ұлттық Қызыл кітабына енгізілген.

«Snow Leopard Foundation халықаралық жекеменшік қоры құрылды. Қор бұл бастаманы қуана-қуана қолдады. Ілбіс - тәуелсіз Қазақстанның нышаны, алайда, біздің елдегі оның популяциясы өте азайып келеді. Соңғы 16 жылдың өзінде ілбістер саны 20 пайызға кеміген. Оның әлемдік популяциясының 3 пайызы Қазақстан үлесіне тиесілі, бұл шамамен 110-130 ілбісті құрайды. Халықаралық биологиялық саналуандылық қүніне орай ұйымдастырылған бұл марафон Қазақстанның бірегей табиғаты мен сұлу жануарларын келешек ұрпаққа сақтаумен байланысты жаһандық міндетті жұртшылық есіне салмақ», - деп атап өтті бұл қордың директоры Ержан Еркінбаев.

Құмды жолда марафоншы жігіт-қыздарға жүгіре берсін. Жол жиегінде сексеуіл мен тораңғы бүр жарып келеді. Ілбіс те бір күні ойнақ салар...

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер