Қуат Хамитов әзірбайжан спортшысымен реванш өткізбек

Қуат Хамитов әзірбайжан спортшысымен реванш өткізбек

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуінің иегері Нариман Аббасовпен қайды жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>«Найман» мен Нариманның арасындағы алғашқы жекпе-жек 27 сәуір күні Ресейде өткен. Әзірбайжан спортшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіл салмақта Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуін иемденді. Алайда жекпе-жектен соң Қуат Хамитов бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген болатын. </span>

<span>Қазір қос тарап реванш жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге екінші жекпе-жек Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтуі мүмкін екені белгілі. Ал қашан өтетіні белгісіз.</span>

Айта кетейік, 31 жастағы Қуат Хамитов мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, оның 19-нда жеңіске жеткен. 7 кездесуінде қарсыласына есе жіберсе, біреуі тең аяқталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или