«Мақсатым - UFC». Қазақстандық спортшы жаңа клубпен келісімшартқа отырды
Қазақстандық спортшы Максим Коновалов (9-3-1) Ferrum жауынгерлік клубымен келісімшартқа отырды.
«Жылдам дамып келе жатқан Ferrum клубымен келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын. Маған назар аударып, үш жылдық келісімшарт ұсынған клуб басшылығына алғысымды айтамын. Алдыма жоғары мақсаттар қоямын. Оның ішінде М-1 чемпиондық белбеуі және әлемдік ең мықты лигасы - UFC-ге жолдама алу бар», — деді Коновалов.
Айта кетейік, Максим Коновалов кәсіпқой мансабын Ресейде бастаған. Tech-Krep, ACB және RCC турнирлерінде жекпе-жекке шыққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или