«Жығылған жұдырыққа тоймайды». МакГрегор Хабибты жекпе-жекке шақырды
<span>Жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор өткен жылы есе жіберген қарсыласы Хабиб Нурмагамедовты тағы да октогонға шақырып отыр. Бұл жайлы ирландиялық споршы әйгілі bjpenn порталына берген сұқбатында мәлім етті.</span>
<span>- Ол жекпе-жек кешінде мен ұтылдым. Тағы бір рет октогонға шықсақ қайтеді - деді Конор.</span>
<span>Еске сала кетейік, аралас жекпе-жек түрінен (UFC) жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпион ресейлік Хабиб Нурмагомедов екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион ирландиялық Конор МакГрегорды өткен жылдың 7-ші қазанында 4-ші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді. Жекпе-жек аяғы жаппай төбелеске ұласып, нәтижесінде Нурмагамедовке тоғыз айспорттық жарыстарға қатысуға тыйым салынған еді.</span>