Деонтей Уайлдер бұрынғы қарсыласымен қайта кездеседі

WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Деонтей Уайлдердің келесі жекпе-жегі кубалық Луис Ортиске қарсы өтеді, деп жазады Prosports.kz.
<span>Америкалықтың командасы үш боксшыны — Энтони Джошуа, Тайсона Фьюри және Луис Ортисті қарастырып жатыр. </span>
Сонымен қатар Уайлдердің менеджерлері келер аптада келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Джошуа немесе Фьюримен келісімге келу ұзақ уақытты қажет ететінін ескерсек, келесі қарсылас Ортис болуы мүмкін.
<span>Қос боксшы бұған дейін де кездескен. 2018 жылдың наурызында Уайлдер нокаутпен жеңіске жеткен. </span>
Айта кетейік, өткен демалыс күні Уайлдер өз отандасы Доминик Бризилді нокаутқа түсірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или