Бокс

Деонтей Уайлдер чемпиондық атағын қорғап қалды

Деонтей Уайлдер чемпиондық атағын қорғап қалды
news-banner7
mobile-news-top

Бруклиндегі (Нью-Йорк) Barclays орталығында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Деонтей Уайлдер мен Доминик Бризил (20-2, 18 KO) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек басталған бетте қазіргі чемпионның басымдылығы байқалып тұрды. Бұл басымдылық міндетті үміткердің мысын басып тастағаны байқалды. Тіпті осы қарқынмен алғашқы раундтың өзінде жекпе-жек аяқталды. Уайлдер қарсыласын нокаутпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Деонтей Уайлдер мен бұрынғы чемпион Тайсон Фьюри 2018 жылы1 желтоқсанда кездескен еді. 12 раунд бойы жұдырықтасқан боксшылар тең тарқасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер