«Барыс» Гагарин кубогының екінші кезеңінде «Салават Юлаевтан» ұтылды

Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде Уфаның "Салават Юлаев» клубымен кездескен елордалық «Барыс» овертаймда жеңіліс тапты.

Аталмыш матч Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтті. Ойынның үшінші минутында «Барыс» алға шыққан. Шеберлік танытқан - Майк Ландин. Ойынның 34-ші минутында «Салават Юлаев» Дмитрий Макаровтың көмегімен есепті теңестірді. Үшінші кезеңнің басында Алексей Кайгородовтың мергендік танытып уфалықтарды алға шығарды. 57-ші минутта Николай Антропов таразы басын теңістірді. Овертайм қонақтарға сәттілік сыйлады. Қорытынды есеп - 2:3. Бұл «Барыстың» ҚХЛ плей-оффындағы алғашқы жеңілісі.

«Барыс» пен «Салават Юлаевтың» келесі кездесуі ертең, 22 наурызда Астанада өтеді.

Еске сала кетелік, «Барыс» турнирден Екатеринбургтің "Автомобилисін" (4-0 ұпайымен) ығыстырып, өз

тарихында алғашқы рет плей-офф кезеңінің екінші раундына жолдама алған болатын

«Барыс» (Астана) – «Салават Юлаев» (Уфа) 2:3 ОТ (1:0, 0:1, 1:1, 0:1)

1:0 – Ландин (Бойд, Боченски) – 02:25

1:1 – Макаров (Кольцов, Хартикайнен) – 33:21, басымдықта

1:2 – Кайгородов (Пильстрем, Кир. Кольцов) – 42:11

2:2 – Антропов (Семенов) – 56:28

2:3 – Филатов – 61:17

Қақпашылар: Еремеев – Василевский

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или