Хабиб Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізбекші

Хабиб Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізбекші

Хабиб Нурмагомедов жақын арада спорттан кетуі мүмкін. Ол бар-жоғы үш жекпе-жек өткізіп, UFC әлемімен қош айтыспақ. Танымал спортшының болашаққа жоспары жөнінде әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедовтің өзі айтып берген.

Анықталғандай, Нурмагомедов мансабын барынша жақсы нәтижемен аяқтауды қалап отыр. Оған қоса, Хабиб 30 жекпе-жек бойы жеңіліс таппаған спортшы атанғысы келеді.

Еске сала кетейік, ресейлік спортшының келесі кездесуі жетінші қыркүйек күні болады. Бұл жолы Хабиб америкалық Дастин Порьеге қарсы шықпақ. Екі спортшының жекпе-жегі Әбу-Дәбиде өтетін UFC 242 турнирінің басты кездесуі болмақ.

Сонымен қатар, Абдулманап Нурмагомедов ұлының танымал файтер Тони Фергюсонмен жұдырықтасқанын қалайтынын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или