«Бір сөзбен айтқанда - қияли». Аббасов «Найманға» жауап берді
Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитовты Fight Nights Global турнирінде жеңген әзірбайжандық Нариман Аббасов жауап қатты.
- Қуатқа қарап таңғаламын. Салмағына бей-жай қарап, жекпе-жекке артық 3 келімен шыққанына қарамастан енді күніне жаңа бірнәрсені ойлап тауып отырады. Біресе төрешілер жеңісін тартып алды, біресе иығы ауырды. Ертең тағы бірнәрсені шығарады. Жекпе-жекке дейін де жұдырықтаспау үшін түрлі нәрселерді айтып жүр еді. Бір сөзбен айтқанда - қияли<span>, - деп келтіреді Нариман Аббасовтың сөзін </span><span>Fight Nights Global промоушені.</span>
Айта кетейік, «Найман» Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде әзірбайжандық Нариман Аббасовпен бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариманға берді - 48:47, 47:47 және 48:47. Жекпе-жектен соң төрешілердің шешімімен келіспейтінін, аппеляцияға беретінін мәлімдеген еді.