«Құпия» ақпарат
ММА

«Макгрегордың жүрісін қайталауын бапкерлер сұраған»

«Макгрегордың жүрісін қайталауын бапкерлер сұраған»
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін кішкентай ғана қазақ баласы әлемге танымал болды деп айтсақ артық болмас. Өйткені Қызылорданың қара баласына ирландиялық спортшы Конор Макгрегордың өзі «ақ жол» тіледі.

Танымал спортшы өзінің Instagram парақшасында өзінің жүрісін қайталаған кішкентай баланың видеосын жүктеп, «Құдайым-ай! Бұл бала миллиардқа татиды» деп пікір білдірген. Prosports.kz тілшісі бүлдіршіннің әкесі Әли Бақытжанмен тілдесті.

- Ұлымның есімі - Талант, - деп бастады сөзін әп-сәтте-ақ танымал болған бүлдіршіннің әкесі. - Балам спортты жақсы көреді. 5 жасынан тхэквондомен шұғылданады. Бұрыннан Макгрегордың жанкүйері. Жаттығу кезінде соның жүрісін салады екен. Оны көрген бапкерлері де қызық көріп, баламнан жарыста осылай жүріп көрсең қайтеді деп өтінген.

Өткенде Қызылорда қаласында өткен соғыс ардагері Қалмаханов Мұсаханды еске алуға арналған балалар және жасөспірімдер халықаралық турнирінде бақ сынады. Кезекте айқасынан соң Конор Макгрегордың жүресіне салып, көрермендердің көзайымына айналды.

Өзім мектепте дене шынықтыру пәнінен мұғаліммін. Болашақта баламның Конор Макгрегордай спортшы болғанын қалаймын!, - деп сөзін қайырды Әли Бақытжан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер