ММА

Азия чемпионаты: 12 спортшымыз жартылай финалда

Азия чемпионаты: 12 спортшымыз жартылай финалда
news-banner7
mobile-news-top

Азия чемпионатында ММА-ден 12 жекпе-жектің 11-і біздің спортшылардың жеңістерімен аяқталды.

Бангкоктағы (Таиланд) ММА-дан Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 13 елден келген қарсыластарын ойсырата жеңді. 12 жекпе-жектің 11-і біздің спортшылардың жеңістерімен аяқталды.

Чемпионаттың жартылай финалына Әділхан Аязбаев, Дархан Өмірбеков, Дастан Амангелді, Олжас Молдағалиев, Еламан Шалқымбеков, Анатолий Золотых, Мәжит Сардаров, Неймат Асадов, Айдын Төлепбаев, Александр Вал, Мади Досмұхамедов және Александр Дя өтті.

- Барлық KAZMMA командасына, Федерацияның Бас директоры Уәлихан Тен мен Қазақстан ММА федерациясының президенті Ғалымжан Есеновке үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің алдағы мақсат, Тайландтан медаль санып көп алу!,- делінген құраманың ұжымдық Жолдауында.

Айтпақшы, ММА-дан Қазақстан чемпионы Еламан Шалқымбеков Азия чемпионатында Бахрейннен келген Абдулманап Магомедовты жеңіп қана қоймай, терең бассейнге батып бара жатқан Үндістанның азаматын құтқарып өзінің батылдығымен тағы бір есте қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жаңа құрылым - Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан ММА аралас жекпе-жек Федерациясы, аралас жекпе-жек ұлттық федерациясы, панкратион және грэплинг, NOMAD MMA федерациясы кірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер