Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясындағы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобындағы кезекті ойында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерін жеңді.
Алғашы екі турда да жеңіске жеткен қос құрама бүгін өзара кім мықтыны анықтады. Аса тартысты матчта алаң қожайындары шығыс Азиядан келген қонақтарды 4:1 есебімен ұтты.
Оңтүстік Корея - Қазақстан 1:4 (0:2, 0:1, 1:1)
0:1 - Акользин (Маклюков, Метальников) - 03:57
0:2 - Метальников (Михайлис, Боченски) - 16:46
0:3 - Шевченко (Жайлауов, Диц) - 29:45
1:3 - Шин Санву (Ким Хенсу, Чо Минхо)- 50:13
1:4 - Клещенко (Михайлис, Сен-Пьер) - 52:30
Қақпашылар: Далтон - Карлссон
Айта кетейік, Оңтүстік Корея алғашқы екі ойында Венгрия (5:1) мен Словенияны (5:3) жеңді. Ал Қазақстан құрамасы Словения (3:2) мен Литвадан (3:1) басым түскен еді.