Әлем чемпионаты: Қазақстан - Литва: Онлайн трансляция
Бүгін Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионы А тобында кезекті тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазақстан құрамасы Литвамен сынға түседі. Кездесу Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 16:30-да басталады. Ойын QazSport телеарнасынан көрсетіледі.
Біздің қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва, Венгрия және Словениямен сынға түседі.
Естеріңізге сала кетелік, елордамызда аталмыш топтағы алты құрама топ-дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.
Турнир 5 мамырда өз мәресіне жетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или