Никита Михайлис: Екінші периодтағы қателіктерден сабақ алу керек
Бірінші педиодтан кейін үш шайбы басымдығымен жеңіп жатқан Қазақстан, екінші период барысында өз қақпасына екі шайбы жіберіп алды. Үзіліс кезінде шабуылшымыз Никита Михайлис матч жайлы өз ойын білдірді.
-Алғашқы бөлімнен кейін арқаны кеңге салдық дей алмаймын. Қарсылас та ысылған ұжым. Бір периодтың ішінде есепті қысқартып кетті. Үзілісті пайдаланып, жіберген қателіктерімізден сабақ алуға тиіспіз. Турнирдің алғашқы текетіресінде жеңіске жету аса маңызды-деді Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы сұқбат кезінде.
Айта кетейік, Никита Михайлистің дублінің көмегімен жерлестеріміз Словенияға(3:2) қарсы ойында есепте алда тұр. Елордадағы тартысты кездесудің екінші периоды аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или