Қазақстан құрамасының қарсыласы чемпионатқа қатысатын құрамын жариялады
2019 жылдың 29 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1 дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады prosports.kz.
Беларусь хоккей құрамасының бас бапкері Андрей Сидоренко чемпионатқа қатысатын ойыншыларының тізімін жариялады.
Беларусь құрамсы:
Қақпашылар: Александр Осипков (1997, «Юность»), Виталий Трус (1988, «Неман»), Дмитрий Мильчаков (1986, «Плзень», Чехия);
Қорғаушылар: Илья Соловьев (2000, Беларусь U20), Даниил Бокун (1996, "Шахтер"/"Динамо" Мн), Никита Устиненко (1995, «Шахтер»), Олег Евенко (1991), Евгений Лисовец (1994), Кристиан Хенкель (1995, бәрі — «Динамо» Мн, ҚХЛ), Ник Бэйлен («Трактор», ҚХЛ);
Шабуылшылар: Артем Кислый (1989), Александр Малявко (1990), Сергей Малявко (1990, бәрі — «Неман»), Артем Волков (1985), Александр Китаров (1987), Евгений Ковыршин (1986, бәрі — «Динамо» Мн, ҚХЛ), Александр Когалев (1994, «Динамо» Мн/"Юность«), Артем Демков (1989, «Шахтер»), Станислав Лопачук (1992, «Юность»), Максим Сушко («Оуэн Саунд», OHL), Никита Феоктистов (1990, «Адмирал», ҚХЛ), Джефф Платт (1985, «Йокерит», ҚХЛ), Егор Шарангович (1998, «Бинхэмптон», АХЛ).
Айта кетейік, Беларусь құрамасы топтық кезеңде қазақстандық хоккейшілермен кездеседі.