Қазақстан құрамасы Беларусиядан буллит сериясында жеңілді
Бүгін, Нұр-Сұлтанда хоккейден әлем чемпионатына дайындық барысында бірінші дивизионның А тобындағы Қазақстан мен Беларусь елі арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Буллит сериясы бойынша Беларусь елінің өкілдері қазақстандықтардан басым түсті.
Ертең, 26 сәуірде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Қазақстан – Беларусь 4:5 Б (2:0, 0:2, 2:2, 0:1 Б)
1:0 - Михайлис (Боченски) - 14:02
2:0 - Сагадеев (Рымарев) - 18:34 ГБ
2:1 - Ковыршин (Плэтт, Демков) - 33;48
2:2 - Лопачук - 38:32 ГБ
3:2 - Бойд - 47:23
4:2 - Шевченко - 47:50
4:3 - Шарангович (Бэйлен) - 54:17
4:4 - Шарангович (Феоктистов) - 57:40 ГБ
4:5 - Ковыршин - 65:00 Б
Қақпашылар: Карлссон (Кудрявцев, 65:00 - 65:00) - Мильчаков