Елімізде өтетін әлем чемпионатының бойтұмары таңдалды
29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында хоккейден бірінші дивизион, А тобындағы командалар арасында әлем чемпионаты өтеді.
«Барыс-Арена» айдынында Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Литва және Словения құрамалары элиталы дивизион жолдамасын сарапқа салмақ.
Кеше әлем чемпионатының бойтұмары белгілі болды. Дәстүр бойынша, «Қар барысы» біріншіліктің бойтұмары болып таңдалды. Ол барша жанкүйерлермен бірге Қазақстан командасына қолдау білдірмек.

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан командасы екі бақылау матчын өткізеді.
25-26 сәуір күндері біздің команда Оңтүстік Корея мен Беларусьқа қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или