Қазақстан тумасы UFC-дегі дебют алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев пен ресейлік Магомед Мустафаев Санкт-Петербургта өтетін UFC Fight Night 149-дағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Рафаэль Физиевтің салмағы 155 фунт, ал Магомед Мұстафаев салмағы 154,5 болды. Қырғызстандықтың қарсыласынан ауыр болғанына қарамастан, екеуі де лимитке түсті.
Физиев үшін алдағы айқас UFC-дегі дебюты болады, оның қарсыласы төртінші рет сегіз бұрышқа шығады. Айта кетейік, Мұстафаев UFC-де 2016 жылдың қараша айынан бастап шықпаған.
Физиев ММА-да алты жекпе-жек өткізді және алтауын да жеңіп, барлығын уақытынан бұрын аяқтады. Ол 2015 жылы дебюттық жекпе-жегіне шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или