Асылжан Бақытжанұлы АСА ұйымымен жаңа келісімшартқа отырды

Асылжан Бақытжанұлы АСА ұйымымен жаңа келісімшартқа отырды

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асылжан Бақытжанұлы АСА тұжырымымен жаңа келісімшартқа отырды.

«САҚ» лақап атымен танымал спортшы Absolute Championship Akhmat ұйымымен 4 жекпе-жекке жоспарланған келісімшарты аяқталып, жаңа 4 жекпе-жекке жоспарланған келісімшартқа отырды.

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Асылжан Бақытжанұлы мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде жеңіліс тапқан. Соңғы жекпе-жегінде ресейлік Владимир Бабичті (11-6) төрешілер шешімі бойынша ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или