Гренобльде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

Гренобльде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады

Бүгін Францияның Гренобль қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты  (1 дивизион, А тобы) басталады. 

Қазақстан құрамасы Германия, Дания, Украина, Франция және Норвегия командаларына қарсы ойнайды. 

Кездесулер 14-20 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан хоккейшілері алғашқы матчта Германияға қарсы ойнамақ. 

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (І дивизион) кестесі: 

14 сәуір, 23:30 – Қазақстан-Германия

15 сәуір, 23:30 – Франция-Қазақстан

17 сәуір, 16:30 – Украина-Қазақстан

18 сәуір, 20:00 – Қазақстан-Норвегия

20 сәуір, 20:00 – Дания-Қазақстан

Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или