Қазақстан хоккейшілері жолдастық кездесулер өткізеді

Қазақстан хоккейшілері жолдастық кездесулер өткізеді

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында екі жолдастық кездесу өткізеді.  

25 сәуір күні Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездессе, 26 сәуірде қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға қарсы айдынға шығады.

Қос матч «Барыс-Аренада» өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы әлем чемпионатын (1 дивизион, А тобы) Қазақстан өз жерінде қабылдайды. Дода 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или