Аралас жекпе-жектен «Алаш Прайд» халықаралық турнирі өтеді
Алматы қаласында аралас жекпе-жектен «Алаш Прайд» пен қырғызстандық JFC тұжырымы бірлесе халықаралық турнир өткізеді.
30-сәуір күні аралас жекпе-жектен «Алаш Прайд» пен қырғызстандық JFC тұжырымы бірлесіп, халықаралық турнир өткізеді. Еліміздің танымал спортшылары Азиядағы ең мықты аралас жекпе-жек майталмандарына қарсы жекпе-жек өткізеді. Атап айтсақ, Георгий Кичигин, Евгений Егембердиев, Артем Резников, Ғалымжан Қанаев, Бахтияр Несіпбек, Нұрсұлтан Қасымханов сынды спортшылар сынға түседі. Бұл кеште екі чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Айта кетейік, «Алаш Прайдтың» алдыңғы турнирі 29-наурыз күні Тараз қаласында өткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или