Арман Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарында

Арман Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарында

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарына кірді.</span>

<span>M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы болған Арман Әшімов әлемдік жаңартылған рейтингте үздік 50 спортшының қатарына кіріп, 48-орынға жайғасты. Соңғы жекпе-жегін M-1 Challenge 101 турнирінде өткізген отандасымыз жеңіліп көрмеген бразилиялық Кайк Аленкарды (9-1) ұтқан болатын. Осыдан кейін Әшімов бірден 47 сатыға көтерілген. Ал бұл салмақтың ең үздік спортшысы UFC чемпионы Генри Сехудо.<span class="Apple-converted-space"> </span></span>

<span>Айта кетейік, Арман Әшімов келесі жекпе-жегінде M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласуы мүмкін.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или