Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды. Видео
Жойқын нокаутқа түскен аралас жекпе-жек шебері Матеуш Фернандеш бірнеше сағаттан соң көз жұмды.
22 жастағы спортшының жекпе-жегі Remulus Eight турнирін ашқан болатын. Фернандештің қарсыласы бірнеше жойқын соққы жасап, нокаутқа жіберген. Алайда ол төреші жекпе-жекті тоқтатпас бұрын тағы соққы жасап үлгерген.
Жекпе-жектен кейін Фернандеш ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Спортшының жүрегі тоқтап қалды.
MMA Fighting-тің хабарлауынша, спортшы алған соққыдан емес, есірткіден қайтыс болған. Фернандеш есірткіге тәуелділерге көмек көрсететін бағдарлама бойынша емделіпті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или