Денис Тен атындағы қор спортшының жанкүйерлерінен көмек сұрады
Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен атындағы қор Instagram парақшасында жанкүйерлерден көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті достар! Денис Тен сценарийі бойынша «Көзсіз махаббат» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды. Бізге Денистің идеяларын тиімді жүзеге асыру үшін Сіздердің көмектеріңіз қажет», - деді қор өкілдері.
Қор өкілдері мұз айдыны шоуларына келген әр көрерменнен info@denistenfoundation.org электронды адресіне фото, видеоматериал жіберуін сұрады.
Кадрда Денис Тен болуы тиіс.
«Бізге Денис шоуларынан видео керек. Ол трибунадан, сахнадан, дайындық залынан түсірілген болуы мүмкін», - деді олар.
Кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценариімен жазылған «Көзсіз махаббат» киносы АҚШ-та түсірілетінін айтқан болатын.
Махабат туралы фильм Теннің өліміне бір жыл толатын уақытта көрерменге жол тартады.