PROспорт-блог
ММА

«Сән әлемінің серкесі» немесе Конор қалай киінеді

 «Сән әлемінің серкесі» немесе Конор қалай киінеді
news-banner7
mobile-news-top

Конор Макгрегор — бұрынғы жекпе-жек майталманы емес, сонымен қатар, сәнқой. Ирландиялық спортшы өмірде екі нәрсені: бірінші — спортпен айналысқанды, екінші — жақсы киінуді ұнататынын айтты.

Конорды «Сән патшасы» деп атаса да болады. Dolce & Gabbana мен Louis Vuitton - ең сүйікті бренді. Конордың стиліне арналған арнайы интернет басылым да бар.

Киім таңдауда Конор өзінің атлеттік дене бітімін «паш» етіп тұратын үлгілерді өзіне жөн санайды. Ендеше, күні кеше «зейнетке» шыққан бұрынғы файтердің киіну стилі бойынша топтамаларды назарларыңызға ұсынбақпыз:

Макгрегордың пенжектері

Спортшы классикалық стильден үштік-костюмдерге көбірек көңіл бөлетінін байқауға болады.

Конордың костюм таңдағанда басымдық беретін түстері — қою көк, сұр және қоңыр. Торланған пенжектер немесе сызықтары бар костюмдеріне галстук, кеуде орамалын тағуды немесе кішкене гүл қиындысын жапсырып қоюды әдетке айалдырған.

USA Today порталына берген сұқбатында МакГрегордың стилисті Хейл спортшының бір жылда 1 миллион долларға жуық ақша құртқанын айтты. Конор David August пенжектері үшін – 5,5 - 8,5 мың доллар, сырт киімдерге – 4,5 - 10 мың доллар, жай ғана жейдешелерге мың доллардың көлемінде қаражат жұмсаған.

FUCK YOU

Тіпті бір күні Конор Флойд Мейвезермен кездесу кезінде өзінің костюміне сызықтың орнына «F*ck you» сөзін жаздыртқан болатын, әрине, бұл сөздер қарсыласқа айтылған болатын.

Әрине, тым дөрекі көрінеді... Алайда, ирландиялық өзін жақсы етіп көрсететіндердің қатарынан емес...

Хейлдің (МакГрегордың стилисі) айтуынша, аталмыш пенжекті көптеген тұтынушылар алғысы келген-мыс, тіпті, David August сайтында FUCK YOU костюмін тіктіртуге болатын арнайы бөлім де ашылған екен. Құны – 6,5 мың доллар. Артынша Fuckyousuits.com сайты да осындай костюмді 700 долларға тікті. Алайда, Конордың құқығын қорғайтындар тез арада аталмыш сайтты бұғаттап үлгерді.

Ультрақысқа шалбарлар

Конордың өзіне сенімділігі тек шолақ шалбардың өзін ғана киюге де болатынын әлемге көрсетті. Конор өрнектері бар ультрақысқа киімді жаттығудан кигенді ұнатады.

Гүлмен өрнектелген шалбарлар

Ирландиялық спортшы гүлді өрнектері бар шалбарлар еркектік мінезді жоғалтпайтынын тағы көрсетті.

Ашық түсті футболкалар мен сәнді жейделер

Ресми шаралар болмаса да, Конор әрқашан сәнді киініп жүреді. Сәнді киіну - ол үшін заңдылық. МакГрегорға бәрі де жарасып кететіні тағы бар: поло футболкалар немесе әйелдер жейдесі.

«Ол киінгенді ұнатады, кейде шектен шығып кететіні де бар. Сол үшін де маған онымен жұмыс істеген ұнайды, – дейді Хейл. – Конорға барлық сән үлгісі жарасып кетеді».

Аксесуарлардың дұрыс таңдалуы

Аксессуарларға келсек, Конор көбелек-галстуктарды, кеудеге арналған түрлі орамалдарды, жарқыраған сағаттар тағуға қымсынбайды. Күннен қорғайтын көзілдіктері оған үлкен сенімділік беретінін айта кету керек.

Өзінің ішімдігі

Әрине, виски ішімдігінсіз, ол қандай ирландиялық?! Жарты жыл бұрын Конор Proper No.Twelve атты ішімдігін сатылымға шығарды.

Конор татуировкалары

Конордың тағы бір құмары — денесіне салынған суреттері.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер