Әйелдер құрамасы хоккейден әлем чемпионатына қатысады
«Томирис» командасының жеті хоккейші қызы 1-Дивизионның «Б» тобында әлем чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы «Барыс» ХК ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық құрама Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» базасында жиын жүргізіп жатыр.
«Томирис» тарапынан ойыншылар тізімінде: қақпашы Александра Полиенко, қорғаушылар Фатима Китайбекова, Галия Нургалиева, шабуылшылар Пернеш Ашимова, Арай Шегебаева, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева бар.
«Томирис» командасының бас бапкері Александр Тебеньков Қазақстанның ұлттық құрамасының бапкерлер штабына кірді.
Жиындар 3 сәуірге дейін болады. Бұдан соң команда Қытайға жүреді. Әлемдік біріншілік Пекинде 6 сәуірден бастап 12 сәуірге дейін болады.