Таразда айқасатын файтерлер тізімі
29 наурызда Тараз қаласында ережесіз жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирде қай спортшылардың айқас алаңына шығатыны белгілі болды.
Данияр Қасқарауов жетекшілік ететін «Алаш прайд» ұйымдастырып отырған жарыстың басты бәсекесі Ғалымжан Қанаев пен түркиялық Құтылыхан Сормагес арасында өтеді. Олар К-1 нұсқасы бойынша қандасымызға тиесілі айтулы ұйымның 80 кило салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық белбеуі үшін таласады. Тағы бір аса қызықты жекпе-жек сақа спортшы, қазақтың қайсар ұлы Ермек Тлауов пен беларуссиялық Иван Жвирбля арасында өтеді деп күтілуде. Олар 65,8 кило салмақта өнер көрсетеді. Ал өзге бәсекелерде мына мықтылар өзара күш сынасады:
61,2 келі: Шыңғыс Қайранов – Владимир Либеров (Ресей)
70,3 келі: Эрлан Улукбеков (Қырғызстан) – Илья Варварский (Ресей)
80 келі: Санжар Әділов – Ариет Бекішев (Қырғызстан)
57 келі: Руслан Сариев – Бостон Анарбаев (Қырғызстан)
75 келі: Серік Разғалиев – Жабраил Индорбаев (Ресей)
65,8 келі: Бағлан Сарекенов – Шохжахон Абдулхамидов
61,2 келі: Рауан Бекболат – Александр Володин (Ресей)
70,3 келі: Олжас Есқараев – Элдор Эронов (Өзбекстан)
61,2 келі: Мұқағали Несіпбай – Фарух Файзиев (Өзбекстан)