«Сарыарқа» жетінші ойында жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

«Сарыарқа» жетінші ойында жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалы аясында «Нефтяник» командасымен жетінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Альметьевскте өткен шешуші ойында қазақстандық команда 1:3 жеңіске жетіп, кішігірім сенсация жасады. Осылайша жалпы есепте 3:4 есебімен, плей-офф кезеңінің жартылай финалына жолдама алды. 

Татарстандық команданың алаңында өткен сериядағы алғашқы екі матч 4:2 және 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шелілген болатын.

Ал Қарағандыда өткен екі кездесуде <span>«Сарыарқа» жеңіске жетіп, жалпы есепті 2:2-ге өзгерткен.</span>

<span>Бірақ, сырт алаңда өткен бесінші ойын қорытындысы бойынша «Нефтяник» қайта алға шықты.</span>

<span>Ал Қазақстанда өткен алтыншы матч серия есебін тағы теңестірді. 3:3!</span>

<span>Осының алдында сырт алаңдағы үш ойында да жеңілген «Сарыарқа» бүгін керемет нәтиже тіркеді. Қарсыласын өз үйінде тізерлетіп, келесі кезеңге өтті.</span>

ЖХЛ. Плей-офф. 1/4 финал. 7-ші матч

«Нефтяник» (Альметьевск) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)

0:1 Ремов (Метальников, Зиазов) 19:43 

0:2 Ломако (Соколов) 25:26 

1:2 Насыбуллин (Адамчук, Елисеев) 44:02

1:3 Кицын 59:07 ПВ

Қақпашылар: Смирягин - Рейзвих

Сериядағы есеп: 3:4

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или