Қазақстандық шахматшы Хабиб Нурмагомедовке шахмат үйретеді
Қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева Түркияда өтетін MASF халықаралық спорттық-сауықтыру фестиваліне құрметті қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span> Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне Бибісараның анасы Лиана Таңжарықова айтты.</span>
<span> «Түркияда MASF деп аталатын ауқымды шара өтеді. Бұл спортты қамтитын демалыс шарасы. Ол жерде Хабиб Нурмагомедов, әкесі Абдулманап, Костя Цзю сынды танымал спортшылар шеберлік сабақтарын өткізеді. Аталған шара аясында Бибісара ММА спортшыларына, боксшыларға, фестиваль қатысушылары мен қонақтарына шахматтан бірреттік ойын сеанс өткізеді», - деді Лиана Таңжарықова. </span>
<span>Айта кетейік, 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында Түркияның Белек қаласында аралас жекпе-жек пен спорттық өмір салтын жақсы көретіндерге арналған бірегей халықаралық спорттық-отбасылық фестиваль өтеді. Фестивальге UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен бірге қазақстандық жас шахматшы Бибісара Асаубаева да құрметті қонақ ретінде шақырылған. </span>
<span>Мұнан бөлек, фестивальге ММА, UFC, бокс, BJJ, грэпплингтен әлемдік жұлдыздар қатысады. </span>