«Сарыарқа» алтыншы ойында жеңіп, сериядағы есепті теңестірді

«Сарыарқа» алтыншы ойында жеңіп, сериядағы есепті теңестірді

Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалы аясында «Нефтяник» командасымен алтыншы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Татарстандық команданың алаңында өткен сериядағы алғашқы екі матч 4:2 және 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шелілген болатын.

Ал Қарағандыда өткен екі кездесуде «Сарыарқа» жеңіске жетіп, жалпы есепті 2:2-ге өзгерткен.

Бірақ, сырт алаңда өткен бесінші ойын қорытындысы бойынша «Нефтяник» қайта алға шықты.

Ал Қазақстанда өткен алтыншы матч серия есебін тағы теңестірді. 3:3!

ЖХЛ. Плей-офф. 1/4 финал. 6-шы матч

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Нефтяник» (Альметьевск) 5:4 ОТ (2:1, 0:1, 2:2, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 - Ломако (Соколов, Сарваров) - 01:37

2:0 - Сарваров (Зиазов, Соколов) - 11:58 ГБ

2:1 - Лебедев (Насыбуллин, Салахов) - 13:15 ГБ

2:2 - Сумин - 25:06

3:2 - Сиксна (Соколов, Зиазов) - 45:16 ГБ

4:2 - Кицын - 45:43

4:3 - Сумин - 47:28 ГБ

4:4 - Альшевский С. (Альшевский Я., Мокин) - 56:25

5:4 - Ряшенцев (Ибатуллин, Махановский) - 119:06

Қақпашылар: Рейзвих – Смирягин

Сериядағы есеп: 3:3

Шешуші, жетінші матч 26 наурыз күні Альметьевскте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или